Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИН. 2008.12.08 № 398 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 398 Бұйрығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны;

2) конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда № 1944 тіркелген «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі № 70 бұйрығы;

2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 31 наурызда № 4165 тіркелген «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 16 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы 12 тамыздағы

№ 398 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қорытынды басқарушының

қорытынды есебінің нысаны

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами