«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы
13 желтоқсандағы № 261 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 270 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы кезекті XXXV сессиясының № 261 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4262 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы 67 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын:
1-тармақтағы:
1)тармақшадағы:
«73 176 429» деген сандар «95 030 516» деген сандармен ауыстырылсын;
«64 395 637» деген сандар «86 249 724» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«73 297 974» деген сандар «95 152 061» деген сандармен ауыстырылсын;
«-732 939» деген сандар «302 013» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«0» деген сандар «1 034 952» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«611 394» деген сандар «-423 558» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«-611 394» деген сандар «423 558» деген сандармен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен төмендегі көлемде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғаны ескерілсін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 308 316 мың теңге;