Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 қаулысы
(2013.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 127 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау (бұдан әрі - ұйымдарды аттестаттау) олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін өткізіледі.
3. Ұйымдарды аттестаттауды:
1) республикалық маңызы бар ұйымдарды - мәдениет саласындағы уәкілетті орган;
2) жергілікті маңызы бар ұйымдарды - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өткізеді.
Ұйымдарды- аттестаттауды өткізу үшін мәдениет саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
4. Комиссияның құрамы мен ережесін тиісті мемлекеттік орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2013.08.11. № 1184 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды