Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысы (2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасуббота, 29 января 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 6 февраля 2015

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысы

(2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1410 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар:

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін жылына бір рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1410 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін жылына бір рет мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1410 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом