2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешімі
Осы редакция 2011 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357 Заңына және «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2011 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 19 728 602 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 509 028 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 160 125 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер - 668 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 6 391 449 мың теңге;
2) шығындар - 21 823 935 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 теңге,
оның ішінде:
бюджеттік несиелеу - 0 теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар
бойынша сальдо - 30 000 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін алу - 30 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 2 125 333 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру - 2 125 333 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармақтың 1, 2 тармақшаларында қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.