Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 Бұйрығы
ҚР Денсаулық министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және ведомстволық бақылауларды жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандары бекітілсін:
1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы кезеңділік:
1) жекелеген инфекция және паразиттік аурулар туралы есеп (1-нысан);
2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ-инфекция) жұқпасына иммуноферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан);
3) медициналық ұйымдар бойынша вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан);
4) профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан);
5) өткізілген телемедициналық консультациялар мен видео бойынша конференц-байланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан);
6) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан).
2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы кезеңділік:
1) негізінен жыныстық жолмен берілетін жұқпалар туралы есеп (3-нысан);
2) анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан);
3) стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы төсек-орынды кеңейту туралы есеп (57-нысан);
4) медицина кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан);
5) психикалық және мінез-құлықтың бұзылуларымен ауыратын науқастар контингенті туралы есеп (61-нысан);
6) психоактивті заттарды қолданудан туындайтын психикалық және мінез-құлықтың бұзуылармен ауыратын науқастар туралы есеп (64-нысан);
7) тіркелген туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (ТБ 07-нысан);
8) IV санаттағы туберкулезбен ауыратын науқастарды тіркеу есебі (IV санатты ТБ 07-нысан);
9) туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу нәтижелері туралы есеп (ТБ 08-нысан);