Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 58 бұйрығы
(2017.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестиция және даму Министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 364 бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыру мен таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012.23.11. № 800 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.16.02. № 103 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 58 бұйрығымен
бекітілген
Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды
сыныптау тізбесі
| р/б № | Жылжымалы құрамның атауы | Үлгісі, маркасы |
| 1. Жолаушылар жылжымалы құрамы |
| 1 | Арнайы вагон | ЦМ арнайы |
| 2 | Жолаушыларды тасымалдау үшін жолаушылар вагоны | ЦМК, ЦМКК (Турист, РИЦ), ЦМККр, ЦМККБ, ЦМО, ЦММО, СВ (Бизнес), СВД (Гранд, Гранд PMR), СВБ |
| 3 | Жүру жолында жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жолаушылар вагоны | ЦМР, ЦМВК |
| 4 | Багаж және жүк багажын тасымалдауға арналған багаж вагоны | ЦМБ, ЦМБП, ЦМП |
| 5 | Қызметтік-техникалық вагон | СЛТ |
| 6 | Қызметтік-техникалық вагон, электр станциясы вагоны | СТ, ЭЛСТ |
| 7 | Арнайы контингентті тасымалдауға арналған вагон | ЗАК |
| 2. Жүк жылжымалы құрамы |
| 8 | Жабық вагон | 200, 201, 204, 206, 207, 208, 209. |
| 9 | Платформа | 400, 404. |
| 10 | Үсті ашық вагон | 600, 601, 608, 609. |
| 11 | Цистерна | 700, 702, 704, 706, 712, 713, 720, 721, 730, 731, 732, 748, 760, 762, 764, 766, 768, 770, 772, 774, 776, 778, 780, 794, 798. |
| 12 | Изотермиялық вагон | 800, 806, 810, 824, 826, 830, 836, 838, 840 |