Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 февраля 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазсушар» РМК) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.04. № 306 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2) «Қазсушар» РМК қызметінің негізгі мәні республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суаратын су, ауыз су беру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазсушар» РМК-нің филиалдарын құруға рұқсат берілсін.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Қазсушар» РМК-нің жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) «Қазсушар» РМК-нің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом