Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 424-IV Заңы

Информация о документе
Датасреда, 30 марта 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 30 марта 2011

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім)
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 938-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайтқан кезде жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес келетін, ұлғайтылған орташа айлық табысының (кірісінің) пайыздарымен айқындалатын жоғалтылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеу жүргізіледі.»;

2) 943-бапта:

тақырыбындағы «және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлігіндегі «айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздер «жалақының ең төменгі мөлшерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Міндетті сақтандыру шарты бойынша төленетін жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының зақымдануына немесе оның қайтыс болуына байланысты тағайындалған өзге де төлемдерді өтеу сомалары өткен жылғы тұтыну бағаларының индексіне пропорционалды түрде ұлғайтылады.»;

3) 945-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады.»;

4) мазмұндағы 943-баптың тақырыбындағы «және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 30-ы.

№ 424-IV ҚРЗ

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом