Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 238 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 238 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2102 қаулысымен
бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер