Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 21.02.02 Ж. № 103 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

«Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің,  нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен  бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі
жөніндегі» нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2002 ж. 21 ақпандағы № 103 бұйрығы

(2005.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі» нұсқаулық бекітілсін.

2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары:

1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін;

2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы департаментіне (Н.Т. Мырзабеков) жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

генерал-лейтенант

Сүлейменов К.Ш.

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом