Введите номер документа
Прайс-лист

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 1168 Жарлығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 4 марта 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 декабря 2011

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 1168 Жарлығымен

бекітілген

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап
беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшесінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімше) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 30-бабының 5-тармағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытынды беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом