Объектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4. Мыналардың:
1) «Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 5-8, 911-құжат);
2) «Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2840 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 21-24, 937-құжат);