Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 15 маусымдағы № 8/2 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 15 июня 2000
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 15 июня 2000

Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 15 маусымдағы № 8/2 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңес Төрағасының міндетін атқарушы Н.І.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында 2000 жылғы 2 маусымда келіп түскен Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы Н.І.Өкеевтің хабарламасын, өтініш субъектісінің өкілінің сөзін тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс.

Конституцияның 92-бабының 1-тармағы конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде қабылдануға тиіс деп, ал осы баптың 2-тармағы - Конституцияда аталған басқа заңдар Парламент анықтаған тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап кем дегенде екі жыл ішінде қабылдануға тиіс деп белгілеген.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом