Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 13 қарашадағы № 91-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар С.Ж. Абдолла, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, А.С. Тукиев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері - Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Д.А. Сулейменовтің, Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару департаментінің директоры Г.С. Мұқышеваның және Халықаралық құқық департаментінің директоры А.М. Айтқалиеваның,
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі - Халықаралық құқықтық департаменттің директоры Д.Н. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері - Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары О.Б. Нурбектің және Сыртқы сауда қызметі департаменті Қорғау шаралары басқармасының басшысы Е.З. Абдрасилдің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы өкілі Е.З. Уәлидің қатысуымен,
өзінің ашық отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің (бұдан әрі - Конституциялық Кеңес) кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау мәселесін өз бастамасымен қарады.