Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДАҒЫ № 159 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 ақпандағы

№ 159 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламенті

 

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы техникалық регламент:

1) қауіпсіздікті және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында парфюмерлік-косметикалық өнімдерге (бұдан әрі - ПК өнімдер) қойылатын міндетті талаптарды;

2) тұтынушы орауына және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптарды;

3) ПК өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды;

4) ПК өнімдерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауға қойылатын талаптарды.

Осы техникалық регламенттің талаптары таралатын ПК өнімдері тазарту, жағымсыз иістерді жою, эстетикалық әсер беру және оларды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау мақсатында адамның денесіне қолдануға арналған, құралдарға теңестірілген:

1) тері, тырнақ және шаш күтіміне арналған сірне негізіндегі, эмульсиялық және майлы құралдар (кремдер, сүт, кілегейлер, маскалар, скрабтар, пилингтер, крем-гельдер);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом