Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1648 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.20.04. № 505 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспар жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия және пайымдау
Миссиясы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымдауы - экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені, сондай-ақ ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуді қамтамасыз ететін дамыған және қолжетімді ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым.