Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылы 6 сәуірдегі № 26 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 6 апреля 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2011

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу,
есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылы 6 сәуірдегі № 26 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қараудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.

2. «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау туралы» Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 2165 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы, және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 12, 817-бет.).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

 

Қ. Мәми

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом