Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 79/29 шешімі
(2011.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2011.09.02. № 4/30 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 16/31 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті тиісті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде:
1) кірістер - 24 998 348 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18 645 876 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 97 528 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 477 447 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 777 497 мың теңге;
2) шығындар - 25 622 756 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -2 494 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы - -626 902 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 626 902 мың теңге.
2. Павлодар қаласының 2011 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 6 786 543 мың теңге сомасында бюджеттік алуларды көздеу ескерілсін.
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2011.09.02. № 4/30 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 16/31 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Павлодар қаласының 2011 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 82 453 мың теңге сомасында бекітілсін.