Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың есеп беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 28 Қаулысы
(2013.28.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың ұсынатын есеп нысандарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.28.06. № 147 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-қосымшадағы:
«Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген 1-кестеде:
1106-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1150-шоттар тобымен толықтырылсын:
| « | 1150 | Айналымға түспей тұрып ұлттық валютадағы банкноттар | | »; |
1264-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1459-шоттың атауында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1604-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1610-шоттар тобымен толықтырылсын:
| « | 1610 | Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер | | »; |
1728-шоттың атауындағы «және ипотекалық ұйымның» деген сөздер «ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;