Туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылы 14 наурыздағы № 131 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 131 бұйрығымен бекітілген
Туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туберкулезге қарсы ұйымдардың статусы мен өкілеттігін анықтайды.
2. Туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі - ТҚҰ) мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жатады: