Мемлекеттік кеме тізілімінің, жалға алынған шетелдік кемелері тізілімінің және кеме кітабының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 171 бұйрығы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нысандар бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кеме тізілімі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімі;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме кітабы.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 171 бұйрығына 1-қосымша
Нысаны
Мемлекеттік кеме тізілімі
| р/с № | Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізілген күні | тіркеу нөмірі | Кеменің атауы | Кеме иесінің атауы және оның мекен-жайы | Меншік иесінің атауы және оның мекен-жайы | Кеменің үлгісі және мақсаты | Кеме жобасының № | Кеменің жасалған жылы және орны | Корпус материалы | Кеменің басты машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаттылығы) | Белгіленген жүк көтерімділігі (тонна) | Белгіленген жолаушылар сыйымдылығы (адам) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| | | | | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
| Кеменің көлемдік өлшемдері (метрмен) | Жүзу разряды | Жүріс жылдамдығы (тораптарда) | Қозғағыштар түрі |
| Ұзындығы | Ені | Үстіңгі бөлігімен қоса алғандағы ең жоғарғы биіктігі | Шөгу |
| толық тиелген кезде | бос кезінде | балластта | жүкпен |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |