Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 127 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 6-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңды бұзушылықтарды жою туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 4-2-9/И-344 Ұсынымын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі | С. Қайырбекова |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің күшін жойылған бұйрықтарының
тізбесі
1. «Лейкемиямен ауыратын балалардың электронды тіркелімін құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 тамыздағы № 416 бұйрығы;
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 4 бұйрығы;