Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығы
(2024.09.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 6-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 4 мамырдағы № 281 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 тіркелген, «Заң газетінің» 2005 жылғы 14 қазандағы № 190-191 (924-925) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.20.02. № 69 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (2024 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау
ережесі