Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығы
(2025.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.05.09. № 435 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 121) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру
ережесі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.05.09. № 435 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)