«2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 41/1 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті XXXVII сессиясының № 37/2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-1-160 нөмірімен тіркелген, қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан-2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы арнайы шығарылымдағы № 56 және «Кызылорда таймс» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан-2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы арнайы шығарылымдағы нөмірсіз сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«18 487 479» деген сандар «20 742 854» деген сандармен ауыстырылсын;
«41 044» деген сандар «179 044» деген сандармен ауыстырылсын;
«11 572 762» деген сандар «13 690 137» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«19 229 975» деген сандар «21 381 772» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«3 285» деген сандар «49 575» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші азат жолдағы «6 668» деген сандар «52 958» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
«69 935» деген сандар «234 653» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші азат жолдағы «69 935» деген сандар «234 653» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«-815 716» деген сандар «-923 146» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«815 716» деген сандар «923 146» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші азат жолдағы «846 668» деген сандар «770 668» деген сандармен ауыстырылсын;
үшінші азат жолдағы «416 853» деген сандар «600 283» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 5-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.