Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 16 марта 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 16 марта 2011

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 21 сәурдегі № 5191 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде:

51, 52, 56, 57-тармақтардағы «(докторант, магистрант)», «(докторанты, магистранты)» деген сөздер алынып тасталсын;

58-тармақта «51, 52 және 56» деген сандар «39, 43, 52, 53, 54, 56 және 57» деген сандармен ауыстырылсын;

85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.»;

95-тармақтың үшінші бөлігін алынып тасталсын;

102-тармақта «ресімделіп» деген сөзден кейін «осы Ереженің 97-тармағының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 111-1 тармақпен толықтырылсын:

«111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.»;

131-тармақта «бағалары туралы» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік емтихан» деген сөздермен толықтырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом