Осы редакция 2011 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.13.04. № 168 Бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Білім және ғылым мин. 2010.01.11. № 506 бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша «немесе ғылыми ұйымдардың», «немесе ғылыми ұйымда», «немесе ғылыми ұйымның», «(ғылыми ұйымның)», «немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі», «немесе ғылыми ұйымдар», «(ғылыми ұйымнан)», «немесе ғылыми ұйым», «немесе ғылым ұйымы», «мен ғылыми ұйымдар», «немесе ғылыми ұйымынан», «немесе ғылыми ұйымдағы», «ғылыми ұйым директорының орынбасары немесе», «немесе ғылыми ұйым директорының орынбасары» деген сөздер алынып тасталды (бұр.ред.қара)
Жоғары оқу орындарында білімалушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік
ережесі
(2010.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін анықтайды.
2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдың рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;