Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4965 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған);