Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы
су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № А-3/114 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қазанда «Арқа ажары» газетінде, 2007 жылғы 13 қазанда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Ақмола облысы әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Балық
шаруашылығы комитетінің
«Есіл облысаралық бассейндік балық
шаруашылығы инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Тәңірбергенов
Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 7 cәуірдегі
№ А-3/114 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ А -11/351 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының
тізбесі
| № р/с | Су қоймасының атауы | ауданы (гектар) |
| Ақкөл ауданы |
| 1 | Көктек көлі | 90 |
| 2 | Кеміркөл көлі | 250 |
| 3 | № 1,2,3 Қамысты көлі | 255 |