2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау
саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Минск қ., 2011 жылғы 19 мамырда)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 818 Қаулысымен бекітілді
2012 жылғы 15 тамызда күшіне енді
2000 жылғы 25 каңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті үйлестіруді жақсарту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімнің 6-бабы мынадай редакцияда жазылып, оған өзгерістер енгізілсін:
«Осы Келісімді іске асыруды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында белгіленген құзырет шегінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті ұлттық органдары жүзеге асырады.
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен қызметті үйлестіру мақсатында Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнінде консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрады.
Кеңестің мәртебесі және оның міндетгері ооы Келісімнің ажырамас болігі болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ережеде белгіленеді (қоса беріледі).
Кеңес осы Келісімді іске асыру үдерісінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасасады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері өздерінің жарғыларына және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес осы Келісімді іске асыруға қатыса алады».