Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 Қаулысы
(2024.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.29.05. № 577 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.24.10. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № 1035 Қаулысымен; 2021.23.11. № 831 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.13.02. № 121 Қаулысымен (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.10. № 935 Қаулысымен (2023 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.04. № 282 Қаулысымен (2024 ж. 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 625 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың
тізбесі
1. Президент
1-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. Конституциялық Соттың Төрағасы
8. Жоғарғы Соттың Төрағасы