Введите номер документа
Прайс-лист

«Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 8 июня 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 декабря 2016

Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау
 қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы;

2) Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 маусымдағы

№ 643 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау

 қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағиданың қолданысы паромдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тасымалдаушы) қолданылады.

Алдағы навигацияға тасымалдаудың жоспарланған көлемі мен маршруттары туралы мәліметтерді тасымалдаушылар ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) ұсынады. Нақты жүргізілген көлемдер мен маршруттар туралы ақпаратты тасымалдаушылар аумақтық бөлімшеге есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады.

3. Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау жолаушылар мен багажды тасымалдау шарттары негізінде жүргізіледі.

 

 

2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом