«Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 239 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің норма шығару жұмысын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6501 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 16 қазандағы № 427-428 (26271) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасында:
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: