Введите номер документа
Прайс-лист

«Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 242 бұйрығы (2021.09.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 29 апреля 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 28 марта 2021

Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 242 бұйрығы

(2021.09.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.09.03. № 103 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі (осы бұйрыққа 1-қосымша);

2) Темір жол көлігі қызметкерлерінің нысанды киімді (погонсыз) кию ережелері (осы бұйрыққа 2-қосымша);

3) Нысанды киіммен (погонсыз) темір жол көлігі қызметкерлерін қамтамасыз ету нормалары (осы бұйрыққа 3-қосымша);

4) Темір жол көлігі қызметкерлері үшін нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілері (осы бұйрыққа 4-қосымша).

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Министр

Б. Камалиев

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.11. № 825 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы 29 сәуірдегі

№ 242 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Нысанды киім киюге (погонсыз) құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің )

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом