Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында сирек ауруларды емдеуге арналған орфандық медициналық технологиялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 285 бұйрығы (2014.26.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 11 мая 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 января 2016

Қазақстан Республикасында сирек ауруларды емдеуге арналған орфандық медициналық технологиялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 285 бұйрығы

(2014.26.06. берілген толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында сирек ауруларды емдеуге арналған орфандық медициналық технологиялардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықпен бекітілген дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық практикада қолдануға Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тіркеу жоқ кезде рұқсат беріледі.

3. Орфандық (сирек қолданылатын) дәрілік заттарды пайдалану туралы шешімді денсаулық сақтау ұйымының формулярлық комиссиясының ұсынымы бойынша денсаулық сақтау ұйымының басшысы қабылдайды.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, Формулярлық комиссиялар (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және тәжірибемен шұғылданушы мамандардың назарына жеткізсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом