«Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 844 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 844 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 30 қазандағы
№ 1631 қаулысына
қосымша
Туризм жөніндегі кеңес
құрамы
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
| Ермегияев Талғат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, төрағаның орынбасары |
| Кәкен Қарлығаш Ғазизқызы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, хатшы |
| Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
| Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
| Ескендіров Абай Мұқашұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
| Кулинич Александр Васильевич | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |