1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртібі
туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 Қаулысы
(1995.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 1999 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1288 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртібі туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 3 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекiтiлген
1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын
жекешелендiрудiң тәртібі туралы
ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1288 қаулысына және Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегi № 444 қаулысымен бекітілген» Қазақ КСР-iнде мемлекеттік меншiктi жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы Ережеге» сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереженiң күшiне енгiзiлуi мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру мәселелерiн реттейтiн, бұрын қабылданған нормативтiк актiлердiң күшiн жоймайды, ал 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiру Ережесін анықтайды.
Сонымен бiрге тұрғын үйлердi жекешелендiрудiң негiзгi принциптерi, республика азаматтарына тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын есептеу шарттары мен мөлшерлерi, купондық механизм туралы ережеде азаматтардың жекелеген санаттары үшiн көзделген жеңiлдiктер сақталады.