Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 Қаулысы
(2015.11.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 571 Қаулысымен күші жойылды
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 51) тармақшасына және 107-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2015.11.09. № 774 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптары ҚР Үкіметінің 2015.11.09. № 774 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 829 қаулысымен
бекітілген
Қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын
талаптар
1. Жалпы ережелер