Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2223 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрі - Стандарт) жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған
3. Мемлекеттік қызмет «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереже 9-тармағының 29) тармақшасы; «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбесі осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.
5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге анықтамалар беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектелу мерзімдері:
ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі 1 жұмыс күні.
Анықтамалар беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш иесіне мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.
Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтамалар беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;
2) қажетті құжаттарды өткізген кезде кезектегі күту уақыты 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде күту - өтініш беруші жүгінген сәттен бастап 10 минут.
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі ЖӘБО-ға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш иесіне мерзімді ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салуды жолдайды.
Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтамалар беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО үй-жайларында және Орталықтарда орналасқан стендтерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет мыналарға ұсынылады:
ЖӘБО өтініш білдірген кезде:
аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
жексенбіні қоспағанда, түскі үзіліссіз, аптасына алты күн, сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілер үшін жағдай көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орнатылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған, дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар сенімді адамдар арқылы өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік қызмет сонымен бірге өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш білдірушілер үшін жағдай көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орнатылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Анықтама алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
ЖӘБО-ға:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) әскери билет;
3) жеке куәліктің түпнұсқасы.
Анықтама беру Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы Кеңес Одағын қорғау жөніндегі жауынгерлік операциялар уақытында әрекет еткен армияға қатысқан, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамға не тиісті сенімхатпен уәкілеттік берілген адамға жүргізіледі.
Орталыққа:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) әскери билет немесе әскери билеттің орнына уақытша куәлік (қабылданады, әр парағы тексеріледі, орындалғаннан кейін қайтарылады);
3) жеке куәліктің көшірмесі.
Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстырып тексеру үшін жеке басын куәландыратын куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырып тексеруден кейін қайтарылады).
Анықтама беру Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы Кеңес Одағын қорғау жөніндегі жауынгерлік операциялар уақытында әрекет еткен армияға қатысқан, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамға немесе тиісті сенімхатпен өкілеттік берілген адамға жүргізіледі.
13. ЖӘБО-да анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не ЖӘБО-ның қызметкерлерінде болады.
Орталықта анықтама алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады.
14. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» мақсаты мен орындалатын функциялары туралы ақпарат орналасады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖӘБО қызметкері алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес келуін тексереді, құжаттарды тіркеу үшін қызметтік іс жүргізуге береді. Құжаттарды кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тіркегеннен кейін ЖӘБО қызметкері деректерді есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша салыстырып тексереді, анықтаманы толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға береді.
ЖӘБО бастығы бекіткеннен кейін анықтама шығыс хат-хабарларды есепке алу журналында тіркеледі және өтініш иесіне қолхатта көрсетілген мерзімде беріледі.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Орталықтың инспекторлары құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына толық сәйкес келуін тексеруді, журналда тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына беруді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және ЖӘБО-ға жолдауды жүзеге асырады.
Қоса берілген құжаттары бар өтініштерді тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері әкелуді Орталық кемінде 2 рет осы өтініштерді қабылдаған күні жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖӘБО қызметкері алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес келуін тексереді, құжаттарды тіркеу үшін қызметтік іс жүргізуге береді. Құжаттарды кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тіркегеннен кейін ЖӘБО қызметкері деректерді есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша салыстырып тексереді, анықтаманы толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға береді.
ЖӘБО бастығы бекіткеннен кейін анықтама шығыс хат-хабарларды есепке алу журналында тіркеледі, орындалған құжаттардың тізілімі құрылады және өтініш берушіге беру үшін Орталыққа жолданады.
Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын келіп түсуі тиіс.
15. Құжаттарды қабылдау кезінде ЖӘБО-да өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің қабылданған нөмірі мен күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттар берілген күн (уақыт) мен орны;
5) анықтаманы ресімдеуге өтінішті қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттардың қабылданған нөмірі мен күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.
16. Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтаманы ЖӘБО қызметкері «терезелер» арқылы, жеке барған кезде және жеке қолына береді.
Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы «терезелер» арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
17. Құжаттарда қателер (түзетулер, тазартулар) анықталған кезде ЖӘБО қызметкері өтініш берушіге анықтама беруден бас тарту себебін 1 жұмыс күні ішінде жеткізеді.
Орталықтан келіп түсетін құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған кезде не осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынылған кезде ЖӘБО қызметкері құжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша түрде негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық өтініш берушіге оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.
Анықтамалар беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған жағдайда ЖӘБО қызметкері 1 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы хабардар етеді. Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті болмаған жағдайда ЖӘБО қызметкері мерзімдерді ұзарту себептерін жазбаша түрде негіздей отырып, оларды 1 жұмыс күні ішінде Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық анықтама беру мерзімін ұзарту себебі туралы жазбаша негіздемені береді.
Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. ЖӘБО және Орталық қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;
сыпайылық;
пәрменді және толық ақпарат беру;
ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Олар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мақсатын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталық ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.
ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмысы жөніндегі көмекшілері (заң кеңесшілері) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
22. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша талап-арыз болған жағдайда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық бастығының атына беріледі. Орталықтың мекенжайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген.
23. Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады.
Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.
Берілген шағымды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да білуге болады.
Орталықта келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге почта арқылы жазбаша түрде хабардар етіледі.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандартқа 10-тармақта көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі.
Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, еркін экономикалық аймақ, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.
ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
«Жеңілдіктері бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына, Чернобыль
АЭС-індегі аварияны жоюшыларға,
интернационалист жауынгерлерге)
анықтамалар беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
| Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
| 1. Уақтылылығы |
| 1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап қызметі белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі) | | | |
| 1.2. Қызмет алуды кезекте ___ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
| 2. Сапасы |
| 2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
| 2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) %-ы (үлесі) | | | |
| 3. Қол жетімділік |
| 3.1. Қызмет көрсету тәртібінің сапасын және ол туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
| 3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) | | | |
| 3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | | | |
| 4. Шағымдану үдерісі |
| 4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
| 4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
| 4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
| 4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
| 5. Сыпайылық |
| 5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
«Женілдіктері бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына, Чернобыль
АЭС-індегі аварияны жоюшыларға,
интернационалист жауынгерлерге)
анықтамалар беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
| Р/с № | Облыстардың, Астана және Алматы қалалары қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің атауы | ҚІД орналасқан мекенжай | Телефон нөмірлері |
| 1 | Астана қаласының ҚІД | 010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі, 21 | 38-27-09 53-47-46 |
| 2 | Алматы қаласының ҚІД | 480091, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 96 | 263-82-51 |
| 3 | Ақмола облысының ҚІД | 020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 42 | 40-16-76 |
| 4 | Ақтөбе облысының ҚІД | 030019, Ақтөбе қаласы, 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 12 | 54-55-64 54-74-13 54-54-67 |
| 5 | Алматы облысының ҚІД | 040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 | 21-06-78 21-05-83 |
| 6 | Атырау облысының ҚІД | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6 | 32-32-21 32-59-85 |
| 7 | Шығыс Қазақстан облысының ҚІД | 492000, Өскемен қаласы, Новатор көшесі, 18 | 24-93-66 24-55-39 |
| 8 | Жамбыл облысының ҚІД | 080012, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 59 | 43-17-96 45-13-57 |
| 9 | Батыс Қазақстан облысының ҚІД | 417000, Орал қаласы, Шевченко көшесі, 54 | 51-10-18 51-05-67 51-08-56 |
| 10 | Қарағанды облысының ҚІД | 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 9 | 56-02-62 56-33-56 |
| 11 | Қостанай облысының ҚІД | 458000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150 | 50-14-66 39-04-66 39-08-11 |
| 12 | Қызылорда облысының ҚІД | 120016, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 134 | 24-73-38 24-65-36 24-56-63 24-73-38 |
| 13 | Маңғыстау облысьшың ҚІД | 134000, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 2 | 43-24-81 43-32-51 |
| 14 | Павлодар облысының ҚІД | 140006, Павлодар қаласы, Чкалов көшесі, 20/1 | 33-47-55 |
| 15 | Солтүстік Қазақстан облысының ҚІД | 015010, Петропавл қаласы, Осипенко даңғылы, 1 | 46-95-91 46-48-23 |
| 16 | Оңтүстік Қазақстан облысының ҚІД | 160009, Шымкент қаласы, Григоренко көшесі, 8 | 54-95-88 55-81-29 53-59-63 |
«Женілдіктері бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына, Чернобыль
АЭС-індегі аварияны жоюшыларға,
интернационалист жауынгерлерге)
анықтамалар беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
| Р/с № | Орталықтардың атауы | Орталықтар орналасқан мекенжай | Телефон нөмірлері |
| 1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» - үй | 40-10-76 |
| 2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-57-87 |
| 3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-41-33 |
| 4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6-үй | 28-40-14 |
| 5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 51-03-46 |
| 6 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Семей қаласы, 408-ші квартал, 21-үй | 33-55-93 |
| 7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-18 |
| 8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-68-81 |
| 9 | Қарағанды облысьшың ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 |
| 10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 54-10-20 |
| 11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй | 23-08-46 |
| 12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй | 31-85-16 |
| 13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-55 |
| 14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-31-03 |
| 15 | Оңтүстік Қазақстан облысының | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй | 30-06-79 |
| 16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 263-82-51 |
| 17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 248-17-77 |
| 18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-47-01 |
| 19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 239-65-52 |
| 20 | Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-35 |
| 21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО | Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-02-06 |
| 22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 70 «а» көше | 40-65-62 |
| 23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй | 32-42-79 |
| 24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 81-ші көше, 85-үй | 37-74-34 |