Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.12№ 2223 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 2223 қаулысымен бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрі - Стандарт) әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар алу тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 29) тармақшасының және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбесі осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі 1 жұмыс күні.

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО сұралған ақпаратты растау үшін одан әрі сұрау салушыға мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлай отырып, тиісті органдарға сұрау жолдайды.

Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтаманы беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;

2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күту уақыты 30 минуттан артық емес;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу үшін күту - өтініш білдірген сәттен бастап 10 минут.

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі ЖӘБО-ға қажетті құжаттар түскен күннен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі 1 айға дейін ұзартылады. ЖӘБО сұралған ақпаратты растау үшін одан әрі сұрау салушыға мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлай отырып, тиісті органдарға сұрау жолдайды.

Таяу шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтаманы беру мерзімі 3 айға дейін ұзартылады;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген шекті уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ, ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларындағы қабырғаларда орналастырылған стенділерде орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мынадай түрде ұсынылады:

ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде:

аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

Қабылдау кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз  және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

орталыққа өтініш білдірген кезде:

түскі үзіліссіз, жексенбіні қоспағанда, аптасына алты күн сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін кесте 1 сағаттық түскі үзіліспен 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.

Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш білдірушілерге қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

12. Анықтама алу үшін өтініш білдіруші мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

ЖӘБО-ға:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) әскери билет немесе әскери билеттің орнына уақытша куәлік;

3) жеке куәлік.

Анықтама беру Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарында міндетті әскери қызмет өткерген адамға немесе тиісті сенімхатпен оған  уәкілетті адамға жүргізіледі.

Орталықта:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) әскери билет немесе әскери билеттің орнына уақытша  куәлік (қабылданады, бет бойынша тексеріледі, орындалғаннан кейін қайтарылады);

3) жеке куәліктің көшірмесі.

Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырғаннан кейін қайтарылады).

Анықтама беру Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарында міндетті әскери қызмет өткерген адамға немесе тиісті сенімхатпен оған  уәкілетті адамға жүргізіледі.

13. ЖӘБО-да әскери есепке қою және шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады, не ЖӘБО қызметкерлерінде болады.

Орталықта әскери есепке қою және одан шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады, не Орталықтардың консультанттарында болады.

14. ЖӘБО-да құжаттар қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖӘБО қызметкері алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, құжаттарды тіркеу үшін қызметтік іс жүргізуге береді. Құжаттарды кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркегеннен кейін ЖӘБО қызметкері есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша деректерді салыстырады, анықтама толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға береді.

ЖӘБО бастығы бекіткеннен кейін анықтама шығыс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және өтініш иесіне қолхатта көрсетілген мерзімде беріледі.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Орталықтың инспекторлары құжаттардың толықтығының осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына беруді жүзеге асырады.

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімін жасауды және ЖӘБО-ға жіберуді жүзеге асырады.

Қоса берілген құжаттармен өтініштерді тиісті уәкілетті органға  және кері жеткізуді Орталық осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖӘБО қызметкері алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, құжаттарды тіркеу үшін қызметтік іс жүргізуге береді. Құжаттарды кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркегеннен кейін ЖӘБО қызметкері есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша деректерді салыстырады, анықтама толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға береді.

ЖӘБО бастығы бекіткеннен кейін анықтама шығыс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және орындалған құжаттар тізілімі жасалады және өтініш берушіге беру үшін Орталыққа жолданады.

Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын түсуі тиіс.

15. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушіге мыналарды көрсетумен тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;

2) сұралған мемлекеттік қызмет көрсету түрін;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;

5) анықтама ресімдеуге өтінішті қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын.

Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушіге мыналарды көрсетумен тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;

2) сұралған мемлекеттік қызмет көрсету түрін;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегін, атын, әкесінің атын.

16. Анықтама Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, баска да әскерлері мен әскери кұралымдарының қатарында міндетті әскери қызмет өткерген адамдарға «терезе» арқылы ЖӘБО қызметкері өзі келгенде және жеке өзіне береді.

Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде қолхаттың негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.

17. Құжаттардан қате (түзетулер, өшірулер) тапқан кезде ЖӘБО қызметкері тұтынушыға 1 жұмыс күні ішінде анықтама берілмейтінін жеткізеді.

Орталықтан келіп түскен құжаттарды ресімдеуде қате тапқан кезде немесе осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген толық пакетті ұсынбаған кезде ЖӘБО қызметкері құжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде оларды қайтару себебін жазбаша негіздеумен Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлайды және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.

Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.

Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде ЖӘБО қызметкері бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде ЖӘБО қызметкері бір жұмыс күні ішінде мерзімін ұзарту туралы себептерді жазбаша негіздеумен оларды Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық анықтама беру мерзімін ұзарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді.

Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. ЖӘБО және Орталық қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

адамның конституциялық құқықтарын және еркіндіктерін сақтау;

қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

сыпайылық;

пәрменді және толық ақпарат беру;

ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Олар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша түрде почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану  тәртібі туралы Орталық ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.

ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменті атынан департамент бастығының заң жұмысы жөніндегі көмекшілері (заң кеңесшілері) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша талап-арыз жағдайында шағымдану ЖӘБО бастығы атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталықтың мекен-жайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген.

23. Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерде қаралады.

Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.

Осы шағымдануды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да білуге болады.

Орталықта келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мерзімдерде қаралады.

Шағымдануды қарау нәтижелері туралы өтініш иесі почта арқылы жазбаша түрінде хабардар етіледі.

 

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі.

Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, еркін экономикалық аймағы, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.

ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

1-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап қызметі белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

1.2. Қызмет алуды кезекте ___ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібінің сапасын және ол туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

 

 

 

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

 

 

 

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

2-қосымша

 

Р/с №

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің атауы

ҚІД орналасқан мекенжай

Телефон нөмірлері

1

Астана қаласының ҚІД

010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі, 21

38-27-09

53-47-46

2

Алматы қаласының ҚІД

480091, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 96

263-82-51

3

Ақмола облысының ҚІД

020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 42

40-16-76

4

Ақтөбе облысының ҚІД

030019, Ақтөбе қаласы, 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 12

54-55-64

54-74-13

54-54-67

5

Алматы облысының ҚІД

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33

21-06-78

21-05-83

6

Атырау облысының ҚІД

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6

32-32-21

32-59-85

7

Шығыс Қазақстан облысының ҚІД

492000, Өскемен қаласы, Новатор көшесі, 18

24-93-66

24-55-39

8

Жамбыл облысының ҚІД

080012, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 59

43-17-96

45-13-57

9

Батыс Қазақстан облысының ҚІД

417000, Орал қаласы, Шевченко көшесі, 54

51-10-18

51-05-67

51-08-56

10

Қарағанды облысының ҚІД

100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 9

56-02-62

56-33-56

11

Қостанай облысының ҚІД

458000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150

50-14-66

39-04-66

39-08-11

12

Қызылорда облысының ҚІД

120016, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 134

24-73-38

24-65-36

24-56-63

24-73-38

13

Маңғыстау облысьшың ҚІД

134000, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 2

43-24-81

43-32-51

14

Павлодар облысының ҚІД

140006, Павлодар қаласы, Чкалов көшесі, 20/1

33-47-55

15

Солтүстік Қазақстан облысының ҚІД

015010, Петропавл қаласы, Осипенко даңғылы, 1

46-95-91

46-48-23

16

Оңтүстік Қазақстан облысының ҚІД

160009, Шымкент қаласы, Григоренко көшесі, 8

54-95-88

55-81-29

53-59-63

 

«Әскери қызмет өткергенін растау

туралы анықтамалар беру» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

3-қосымша

 

Р/с №

Орталықтардың атауы

Орталықтар орналасқан мекенжай

Телефон нөмірлері

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» - үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Семей қаласы, 408-ші квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысьшың ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67«б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстік Қазақстан облысының

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81-ші көше, 85-үй

37-74-34

 

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом