Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы (2019.24.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 2 августа 2011
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 8 ноября 2019

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы

(2019.24.10. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.

2. ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.

4. ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1) ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом