Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 335 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысаны бекітілсін.
2. Мыналар күшін жойды деп танылсын:
1) «Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 619 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5438 тіркелген, 2009 жылы 27 қаңтардағы № 12 (1435) «Заң газеті» газетасында жарияланған);
2) «Салық есебін жүргізудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 620 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5431 тіркелген, 2009 жылы 27 қаңтардағы № 12 (1435) «Заң газеті» газетасында жарияланған).
3. Қазақстан Республикәсы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің