Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың
тізбесі
| Р/с № | Атауы |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
| 1. | Ғылым комитетінің «М.А.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. |
| 2. | Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 3. | Ғылым комитетінің «Адам және жануарлар физиологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 4. | Ғылым комитетінің «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 5. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 6. | Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 7. | Ғылым комитетінің «Микробиология жэәе вирусология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 8. | Ғылым комитетінің «Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 9. | Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 10. | Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
| 11. | Ғылым комитетінің «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |