Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 Қаулысы
(2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.09.01. № 8 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Еріксіз таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.09.01. № 8 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.