Құжаттар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 Бұйрығы
(2010.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәліктері;
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктері;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік салығы, көлік құралдары мен жер салықтарына арналған алым квитанциялары;
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу жүзеге асырылуы мүмкін кейбір міндетті төлемдерді уәкілетті мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қабылдау үшін қатаң есептілік бланкілері;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патент;
6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкалары;
ҚР Қаржы министрінің 2009.31.12. № 588 Бұйрығымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
ҚР Қаржы министрінің 2009.31.12. № 588 Бұйрығымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес қорғаушы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: