Введите номер документа
Прайс-лист

«Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 шілдедегі № 303 Бұйырығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 27 июля 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 июля 2014

Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 шілдедегі № 303 Бұйырығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен күші жойылды

 

«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

В. Петров

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің м. а.

2011 жылғы 27 шілдедегі

№ 303 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту

қағидасы

 

1. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді (ауыл шаруашылық, салынып жатқан және қайта салынып жатқан объектілердің, мектепке дейінгі, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының, тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе, күзет, пәтерлер иелерінің кооперативі мекемелерінің өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом