Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы
Астана қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-ІІІ Шешімі
(2010.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы мәслихатының 2009.31.03. № 196/31-IV Шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, алдағы уақытта қала бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының бюджеті қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі бекітілсін.
| Астана қаласының мәслихаты Сессиясының төрағасы | Б. Смаилов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Келісілді:
| Астана қаласыныңжұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры | А. Демеува |
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 26 мамырдағы
№ 143/18-III шешімімен
бекітілген
Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік
көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының
ТІЗІМІ
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.