Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
(2011.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
| Ескендіров Абай Мұқашұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары, |
| Ахметова Әлия Анасқызы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы, |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Рау Альберт Павлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
| Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
| Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |