2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Бағдарламаның нысаналы индикаторларын орындау тиісінше өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне бекітілсін.
4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.